Мемлекет
басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық
диалог –қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан
халқына Жолдауының орындалуы барысында 2019 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған
жұмыстар
Қазақстан
Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық
диалог –қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан
халқына Жолдауын аудан тұрғындарына насихаттау, түсіндіру мақсатында аудан әкімінің 2019 жылғы 12
қыркүйектегі №5-Ө өкімімен аудандық ақпараттық 7 топ құрылып, топ мүшелері
қыркүйек айының 18-20 аралығында барлық елдімекендер мен ірі кәсіпорындарда
болып 30 кездесулер (1500-нан астам адам
қатысты) өткізілді. Жергілікті
басылым «Жаңақорған тынысы» газетінде «Білім салтанат құрады», «Мәдениет
мәйегі», «Бизнесті қолдау-көркеюді қолдау», «Медициналық қызмет сапасы басты
назарда», «Жолдау жүгі салмақты» және «Ел игілігене айналған жолдау» т.б тақырыптарда
20 астам мақала жарық көрді. Барлық кент, ауылдық округтерде тақырыптық баннерлер
орналастырылды.
Мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазан «Қазақстандықтардың әл-ауқатының
өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауының орындалуы
барысында 2019 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының
өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған
Жолдауын насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімінің
өкімімен аудандық ақпараттық топ
құрылып, топ мүшелерінің елді мекендерге шығу кестесі, іс-шаралар жоспары
бекітілді. Аталған топтардың
құрамына мемлекеттік орган басшылары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, «Нұр
Отан» партиясының аудандық филиалы, жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының
өкілдері тартылды. Аудандық ақпараттық топ
мүшелері 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында елді мекендерге шығып, тұрғындарға Елбасы Жолдауынан туындайтын
міндеттер мен басым бағыттар бойынша түсіндірмелер беріп, кездесулер барысында
тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарарына тиісті сала басшылары мен топ
мүшелері тұшымды жауаптар берілді.Елбасы Жолдауы жарияланғалы бүгінгі күнге
дейін аудандағы мекемелер мен кәсіпорындарда, шаруашылық тағы да басқа
ұйымдарда 120 ұжымдық талқылаулар өткізіліп, оған жалпы 6000-ға жуық адам
қатысты. Елбасы Жолдауын
көрнекі үгіт-насихат құралдары арқылы ақпараттандыру мақсатында аудан бойынша 26 билборд орнатылды. Аталған билбордтар
негізінен Жаңақорған кентіне кіре берісте, елді мекендерде
көпшілік халық жүретін жерлерде орналасқан. Елбасы Жолдауын ақпараттық
сүйемелдеу жұмыстары бойынша Жолдау жарияланғалы аудандық «Жаңақорған
тынысы» газетінде жолдаудың
толық мәтіні, қоғамдық пікір жетекшілерінің пікірлері мен сұхбаттары
жарияланып, бүгінгі күнге дейін барлығы 27 материал жарық көрді.
Жолдаудың орындалуы 2018 жылдың ІІ жартыжылдығына мәлімет
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:
табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауын Жаңақорған ауданы тұрғындары арасында насихатталуы туралы 2018 жылдың ІІ-жартыжылдығында атқарылған жұмыстар.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018
жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың
әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 837-Ө өкімімен 6 аудандық ақпараттық топ (әр топта 4 адамнан) құрылып, топ мүшелерінің елді мекендерге шығу кестесі, іс-шаралар жоспары бекітілді. Аталған топтардың құрамына
мемлекеттік орган басшылары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, «Нұр Отан»
партиясының аудандық филиалы, жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері
тартылды.
2018 жылғы 11 қазан күні
аудан активі өткізіліп, Жолдаудағы басым бағыттар жан-жақты талқыланып қолдау
тапты.Аудандық
ақпараттық топ мүшелері 2018 жылдың қараша айының 7-8 күндері елді мекендерге шығып, тұрғындарға Елбасы Жолдауынан туындайтын
міндеттер мен басым бағыттар бойынша түсіндірмелер беріп, кездесулер барысында
тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарарына тиісті сала басшылары мен топ
мүшелері тұшымды жауаптар берілді.
Елбасы Жолдауы жарияланғалы бүгінгі күнге дейін аудандағы
мекемелер мен кәсіпорындарда, шаруашылық тағы да басқа ұйымдарда 100ден аса
кездесулер өткізіліп, оған жалпы 5000нан аса адам қатысты. Елбасы Жолдауын
аудан тұрғындарына кеңінен ақпараттандыру мақсатында аудан бойынша
27 көрнекі үгіт насихат құралдары (билборд) орналастырылып,
жергілікті басылым «Жаңақорған тынысы» газетінде жолдаудың толық мәтіні,
қоғамдық пікір жетекшілерінің пікірлері мен сұхбаттары жарияланып, бүгінгі
күнге дейін барлығы 24 мақала жарық көрді.
Жолдаудың орындалуы
2018 жылдың І жартыжылдығына
мәлімет
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018
жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы
дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын Жаңақорған ауданы
тұрғындары арасында насихатталуы туралы 2018 жылдың І-жартыжылдығында
атқарылған жұмыстар.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың
жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау және
түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы
№ 535-Ө өкімімен 6 аудандық ақпараттық топ (әр топта 4 адамнан) құрылып, топ
мүшелерінің елді мекендерге шығу кестесі, іс-шаралар жоспары бекітілді. Аталған
топтардың құрамына мемлекеттік орган басшылары, үкіметтік емес ұйым
жетекшілері, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, жастар, бұқаралық ақпарат
құралдарының өкілдері тартылды.
2018 жылдың 23 қантар
күні аудан активі өткізіліп, Жолдаудағы басым бағыттар жан-жақты талқыланып
қолдау тапты.Аудандық ақпараттық топ
мүшелері 2018 жылдың ақпан айының 7-9 аралығында елді мекендерге шығып, тұрғындарға Елбасы Жолдауынан туындайтын
міндеттер мен тапсырмаларды, ауылшаруашылығын дамыту, жұмыспен қамту,
кәсіпкерлік, білім, медициналық сақтандыру туралы басым бағыттар бойынша
түсіндірмелер беріп, кездесулер барысында тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарарына
тиісті сала басшылары мен топ мүшелері тұшымды жауаптар берді.
Елбасы Жолдауы
жарияланғалы бүгінгі күнге дейін аудандағы мекемелер мен кәсіпорындарда,
шаруашылық тағы да басқа ұйымдарда 100ден аса кездесулер өткізіліп, оған жалпы 5123-ке
жуық адам қатысты.
Елбасы Жолдауын аудан тұрғындарына кеңінен ақпараттандыру мақсатында аудан
бойынша 27 көрнекі үгіт насихат құралдары (билборд) орналастырылып, жергілікті
басылым «Жаңақорған тынысы» газетінде жолдаудың толық мәтіні, қоғамдық пікір
жетекшілерінің пікірлері мен сұхбаттары жарияланып, бүгінгі күнге дейін барлығы
19 мақала жарық көрді.