Жаңақорған ауданының
кәсіпкерлерінің назарына!
Жеке бизнес құру үшін
мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша конкурс жарияланады.
Конкурсты ұйымдастырушы:
«Жаңақорған аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік
мекемесі.
Орналасқан орны: Жаңақорған
ауданы, Жаңақорған кенті, А. Иманов көшесі, 171, Ордакент ардагерлер, жастар
ресурстық орталығының ғимараты; электронды пошта: janakоr_kb@mail.ru; байланыс
телефоны 8(72435) 22497.
Конкурстың нысанасы: Ісін
жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субьектілеріне (жеке бизнесін құруға) «Бизнестің
жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсыну.
Конкурс нысаны: ашық
конкурс.
Конкурсқа қатысу шарттары: конкурсқа жеке кәсіпкер немесе
заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі мемлекеттік қолдау алу үшін
өтініш берген уақытта кемінде үш жылды құрайтын қайта тіркелген шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.
Конкурсқа
қатысу үшін өтінімдер тапсыру орны: Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, А. Иманов көшесі,
171, «Ордакент ардагерлер, жастар ресурстық орталығының ғимараты; электронды
пошта: janakоr_kb@mail.ru; байланыс телефоны 8(72435) 22497.
Конкурстық құжаттаманы
ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайы бойынша
өзі, пошта немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім
мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.
Жеке қаражатын салу: ұсынылған грант
қаржаты көлемінің 10%-нан кем емес.
Кәсіпкерлердің (жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның құрылтайшысының
(құрылтайшыларының) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін «Бизнес-кеңесші»
экспресс-курстарында қысқа мерзімді оқудан өтуі конкурсқа қатысу үшін міндетті
шарт болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік
субьектілеріне бірегейлігімен және жаңалығымен ерекшеленетін жаңа
бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде мемлекеттік гранттар
келесі мақсаттарда ұсынылады:
1.
Негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;
2.
Материалдық емес активтер сатып алу;
3.
Технологиялар алу;
4.
Франшизаға рұқсат алу;
5.
Зерттеу жұмыстарына және/немесе жаңа технологияны
енгізуге байланысты шығындар.
Көрсетілген қызметті алушы (не
сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет
көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Грант беру
жөніндегі конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім;
2) заңды тұлғаны
(дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) салықтар,
алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы
анықтама;
4) өтінім берген
кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және
өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама;
5) бизнес-жоба;
6) Бағдарлама және «Жұмыспен
қамту 2020» бағдарламасының шеңберінде Кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын
құжаттың көшірмесі;
7) заңды тұлғалар
үшін Жарғының (бар болса) көшірмесі;
8) қызмет түріне
лицензияның көшірмесі (қажет болса);
9) Кәсіпкердің
атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының
көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға растаған).
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері: 2016 жылдың
«29» қазаннан
бастап 2016 жылдың «17» қарашаға дейін (қоса алғанда) жұмыс күндері сағат 9-00-ден 13-00 дейін, 15-00 ден 19-00 дейін (жергілікті уақыт).
Өтінімдерді тапсыруды бастаған күні мен уақыты: 2016 жылдың
«29» қазаннан бастап сағат
09-00-ден (жергілікті уақыт).
Өтінімді тапсыруды аяқтау күні мен уақыты: 2016 жылдың
«17» қарашасы сағат 19-00-ге
дейін (жергілікті уақыт).
Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен
zhanakorgan.gov.kz сайтында танысуға болады.