Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 2018 жылдың 9 айына мәлімет
Жаңақорған ауданы әкімі аппаратында 2018 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерге жүргізілген талдау нәтижесі төмендегіше:
Есепті кезеңде барлығы 521 өтініш түскен, оның 453-і жеке тұлғалардан (13 электронды сауал, 103жеке қабылдау, 337 жеке тұлғалардың жазбаша өтініші) және 68-і заңды тұлғалардан. Өткен (467 өтініш) жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 54 өтінішке артқан.
Жеке тұлғалардан түскен 453 өтініштің 3 өтініші заң талабына сай өтініш иесінің қарауды тоқтату туралы өз сұраныстарына сәйкес қараусыз тоқтатылса, қалған 436 өтінішке заңда көрсетілген мерзімде түсіндірме жауап берілген және
17 өтініштің қарау мерзімі бар.
Облыс әкімі аппараты арқылы жеке тұлғалардан 28, аудандық прокуратурадан 16, облыстық прокуратурадан 2, облыстық білім басқармасы арқылы 8, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан
1 өтініш тіркелген.
Заңды тұлғалардан түскен 68 өтініштің 66-на заң талабына сай жауап берілсе, 2 өтініштің орындалу мерзімі бар.
Мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерге қатысты теріс көз қарастағы өтініштер бойынша:
Сүттіқұдық ауылдық округінің әкім М. Абдуллаевқа, № 28 бала-бақша меңгерушісі Д. Ахметоваға, аудан әкімінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы С. Асеновке, аудандық білім бөлімінің басшысы
Б. Ибрагимовке, аудан әкімінің орынбасары Б. Айтбембетке, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы
Ж. Дюсенбаеваға, №256 орта мектептің директоры Ф. Ниязоваға қатысты теріс пікірдегі өтініштер тіркеліп, заң талабына сәйкес қаралды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша талдау барысы 5 кестеде келтірілген.