Жаңақорған ауданы, Талап ауылдық округінің орталығы Бесарық бекетінің жанынан
ашылған №1 Индустриялық аймаққа өнеркәсіп
саласындағы кәсіпорындар орналастыру
Индустриялық аймақтың жалпы ауданы 50
га. Осы жер орналасатын жобаларға өте тиімді болмақ. Электр
желісі, темір жол, авто жол жақын жерде орналасқан. Бұл өз кезегінде орта және үлкен кәсіпкерліктің өндірістік
саласын дамытуға ықпал етеді. Мұнда әр түрлі құрылыс материалдарын шығаратын
өндіріс орындарын ашуға болады деп жоспарлануда. Осы индустриялық аймақты
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге байланысты
жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау үшін биылғы жылы қаржы бөлініп жұмыстар
жүргізілуде. Индустриялық
аймақтан өндіріске жер телімдерін Өңірлік Үйлестіру Кеңесіне инвестициялық жоба
ұсыну арқылы аукционсыз немесе аукцион негізінде алуға болады. Инвесторларға және жоба бастамашыларына, өнеркәсіп саласындағы жобаларын
іске асыруға, Индустриялық аймақтан жер телімдері ұсынылады. Аудан әкімдігі және
аудандық кәсіпкерлер палатасы іске асырылатын жобаларды сүйемелдеуге әзір.
Сүйемелдеуге кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламалар шеңберінде
қаржылай және (немесе) қаржылай емес қолдау көрсету, құжаттар топтамаларын
жинауға көмектесу сияқты шаралары кіреді.
Жаңақорған
ауданы Жаңақорған кентінен көкөніс сақтау қоймасын ашылуы
Көкөніс
қоймасын ашудың негізгі алғы шарттары болып Жаңақорған, Шалқия кенті және ауылдық елді мекендерінің нарығы
болып табылады. Бұл нарықтағы барлық көкөніс негізінен сырттан әкелінеді.
Көкөніс қоймасын ашу бұл нарықта тиімді бизнес болады деп есептейміз. Қойма
салуға ниет білдірген инвесторға Жаңақорған
кентінен жер телімін бөлу және қажетті инженерлік инфрақұрылымдарға
қосылу мүмкіндігі қарастырылатын болады.
Жаңақорған
ауданынан ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау және өңдеу пункттерін ашу
Соңғы жылдары
Жаңақорған ауданында кәсіпкерлікті қолдау және халықты жұмыспен қамтуға
бағытталған бағдарламаларды іске асыру барысында мал басы артып келеді. Осы
ретте, ет және сүт өндіру бағытында кәсіп жүргізіп отырған шағын қожалықтардың
өнімін қабылдау, сақтау және өңдеу орындарын ашу заман талабы екені даусыз.
Жаңақорған ауданынынң әкімдігі бұл бағыттағы жобаларды қарауға, сүйемелдеуге
және жан-жақты қолдау шараларын қарастыруға әзір.
Жаңақорған ауданында ішкі туризімді дамыту шаралары
Жаңақорған
ауданы тарихи есекрткіштер мен жәдігерлерге бай өлке. Атап айтқанда Сығанақ
қалашығы, Құмиян, Өзгент қалашықтары, Көккесене – Алпамыс батырдың
әйелі Гүлбаршынның кесенесі, Қорасан ата кесенесі, Төлегетай – Қылышты кесенесі, Ақтас - Айқожа кесенесі, Қатын
Қамал – Қаратау тауындағы ежелгі үңгір, Таңбалы Тас – Қаратау тауындағы Бесарық
өзенінің шатқалы, ежелгі адамдардың
жазған петроглифтері және басқа да қазақ халқына еңбегі сіңген аяулы азаматтардың Жаңақорған
топырағындағы кесенелерін қамтитын туристтік маршруттар жасақтау.