Кіру
Жаңақорған ауданы денсаулық сақтау саласының 2019 жылдың 9 айында атқарған жұмыстар есебі
- Электронды денсаулық паспортының толтырылуы бойынша жалпы емханаға тіркелген 74126 халықтың 68727 –не денсаулық паспорты толтырылып, 92,7 пайызға орындалып отыр.
- КМАЖ-нің «Даму мед» мобильді қосымшасына интернет белсенді халықтың (20-60 жас аралығы) тіркелуі бойынша жалпы «Даму мед» МҚ-на 34594 интернет белсенді халықтың 13950 тіркеліп, 40,3 пайызды құрап отыр.
- Дәрігердің қабылдауында болған 151373 науқастың 100633-не электронды медициналық жазбалар толытырылды.
- Емханаға дәрігердің қабылдауына 73532 науқас алдын ала жазылса, оның ішінде «E-gov» электронды порталы арқылы 3724 науқас жазылса, «Даму мед» мобильді қосымшасы арқылы 3797 науқас электронды түрде дәрігерге тіркелген.
- Дәрігерді үйге шықырту бойынша жалпы 2245 науқастан үйге шақыртулар тіркелсе, оның ішінде дәрігерге «E-gov» электронды порталы арқылы 648 науқас көрілсе, «Даму мед» мобильді қосымшасы арқылы 267 науқас дәрігерге үйден қаралған.
- Жолдама арқылы электронды түрде зертханаға 164801 талдаулар жолданып, 114258 талдау сынамаларына нәтижелері қойылып 69,33 пайызға орындап отыр.
- Емдеу сауықтыру мекемелерінен, жергілікті емдеу ұйымынан келіп түскен 11820 активтің 10443 уақытында қаралып жабылған.
Жаңақорған ауданы денсаулық сақтау саласының 2019 жылдың 6 айында атқарған жұмыстар есебі
Жаңақорған ауданы бойынша Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында халық денсаулығын жақсарту жолында медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, ана мен бала денсаулығын қорғау, алғашқы медико-санитариялық көмекті жетілдіру, сондай-ақ аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базаларын нығайту және кадрлар біліктілігін арттыру бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылды.
2019 жылы 73773 (бекітілген халық тіркелімі (РПН) бағдарламасы бойынша) аудан халқына аудандық орталық аурухана, 2 ауылдық аурухана, аудандық емхана, туберкулезге қарсы диспансер, 17 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік бекет, 10 медициналық бекет, 47 жалпы тәжірибелі дәрігерлік аймақ қызмет көрсетті.
Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 168 дәрігер, 714 орта буынды медицина қызметкерлері қызмет етеді. 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігермен қамтылу деңгейі 22,7.
Облыс көлемінде мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттырудың 2016-2018 жылдарға арналған перспективалық жоспарына сәйкес 2018 жылы 80 дәрігер, 166 орта буын медицина қызметкерлері білімдерін жетілдірген.
Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында өткен жылы жедел санитарлы көмек көрсетуге 7 дана санитарлық автокөлік, электронды кезек, портативті УЗИ, СМАД, Холтермониторинг, Дефибрилятор, портативті ИВЛ аппараттары, компьютерлік жиынтықтар алынды.
Медициналық қызметтің нәтижесі мен сапасын демографиялық көрсеткіштерден аңғаруға болады. 2019 жылдың 6 айында аудан бойынша 812 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 11,0, табиғи өсім көрсеткіші – 8,9 промильді құрады. Сондай-ақ бүгінгі таңға дейінгі тіркелген өлім-жітімнің жалпы саны 155 – 2,1 (2018ж 6 айы – 150-2,03) көрсеткішті құрап отыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда 0,07 көрсеткішке жоғарылаған.
Ағымдағы жылдың 6 айында жалпы дәрігерлік қабылдау саны – 122183 құраса, 1 тұрғынға шаққанда 1,6 (2018ж. 110709-1,5), өткен жылмен салыстырғанда 0,1 көрсеткішке жоғарылаған. Есепті кезеңде ауданда тіркелген жалпы аурушаңдық саны – 42234 – 1000 мың тұрғынға шаққанда 572,4 (2018ж. 37881-514,5). Тұрғындар арасында жиі тіркелетін аурулар тыныс-алу жүйесі, қан айналым жүйесі, несеп-зәр шығару жүйесі, асқорыту жүйесі аурулары болып отыр.
«Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеру, жүргізу ережесін бекіту туралы» ҚР ДСМ 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 995 бұйрығына сәйкес 0-17 жас аралығындағы балаларды алдын ала тексеруге 29343 бала жоспарланып, 22593 – 77,0% бала қамтылды.Ересектер арасындағы скринингтік тексеруден қанайналым жүйесі бойынша 5568 тұрғын жоспарланып, 3381-60,7% қамтылған, анықталған ауру 235-6,95%. Қант диабеті бойынша 5568 тұрғын жоспарланып, 3384-60,7% қамтылған, анықталған ауру 48-1,41%. Глаукомаға тексеруге 5568 тұрғын жоспарланып, 3387-60,8% қамтылған, анықталған ауру 80-2,36%.
2019 жылы Жаңақорған ауданы бойынша жалпы төсек қоры 200-ді құрады. Тұрғындардың төсек-орынмен қамтамасыз етілуі 10 мың тұрғынға шаққанда 27,1 (2018ж.-27,1). Ауруханаға түскен науқас саны 4148 (2018ж. 4348), жатқызылған науқастың емделіп шыққаны 4075 (2018ж. 4271).
Аудан тұрғындары диагностика мен емдеудің инновациялық мобильдік технологиялары, яғни жылжымалы медициналық кешен, санитарлық авиация, телемедицина арқылы мамандандырылған медициналық көмек алуда. Телемедицина: арқылы 75 телеконсультациямен, телеконференциялар өткізілді.
БМСК бойынша Жол картасының басым бағыттарының бірі саналатын КМИС (кешенді медициналық ақпараттандыру жүйесіне сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, науқастардың электронды денсаулық паспортын әзірлеу бойынша нақты шаралар қабылданып, дәрігердің қабылдауына жазылу, еңбекке жарамсыздық парағын беру, патронаждық актив жұмыстары электронды негізде жүзеге асырылуда.
2019 жылдың 6 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі барлық емдеу және алдын алу ұйымдарында көрнекі жерлерге ілінген, сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша БАҚ-на мақалалар жарияланды. Емдеу және алдын алу ұйымдары бойынша 2019 жылдың 6 айында 28844 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «электронды үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы 3203 қызмет ұсынылды.
Алдағы уақытта да халық денсаулығын жақсарту мақсатында және Елбасымыздың «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам» стратегиясы мен 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы даму мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру, сондай-ақ 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының мақсатты индикаторлары мен негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Жаңақорған ауданы денсаулық сақтау саласының 2019 жылдың 3 айында атқарған жұмыстарының есебі
Жаңақорған ауданы бойынша Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында халық денсаулығын жақсарту жолында медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, ана мен бала денсаулығын қорғау, алғашқы медико-санитариялық көмекті жетілдіру, сондай-ақ аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базаларын нығайту және кадрлар біліктілігін арттыру бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылды.
2019 жылы 1 аудандық орталық аурухана, 2 ауылдық аурухана, 1 аудандық емхана, 1 туберкулезге қарсы диспансер, 17 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік бекет, 10 медициналық бекет, 47 жалпы тәжірибелі дәрігерлік аймақ 73443 (бекітілген халық тіркелімі (РПН) бағдарламасы бойынша) аудан халқына қызмет көрсетті.
Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 168 дәрігер, 714 орта буынды медицина қызметкерлері қызмет етеді. 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігермен қамтылу деңгейі 22,8.
Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында өткен жылы жедел санитарлы көмек көрсетуге 7 дана санитарлық автокөлік, электронды кезек, портативті УЗИ, СМАД, Холтермониторинг, Дефибрилятор, портативті ИВЛ аппараттары, компьютерлік жиынтықтар алынды.
2019 жылдың 3 айында аудан бойынша 384 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 5,2, табиғи өсім көрсеткіші – 4,0 промильді құрады. Сондай-ақ бүгінгі таңға дейінгі тіркелген өлім-жітімнің жалпы саны 88 – 1,2 (2018 ж. 3 айы – 70-0,95) көрсеткішті құрады, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 0,25 көрсеткішке жоғарылап отыр.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында жалпы дәрігерлік қабылдау – 87314, яғни 1 тұрғынға шаққанда 1,2 (2018 ж. 80570-1,1), өткен жылмен салыстырғанда 0,1 промильге жоғарылады. Есепті кезеңде ауданда тіркелген жалпы аурушаңдық саны 24175, яғни 1000 тұрғынға шаққанда 329,1 (2018 ж. 21910-298,2). Тұрғындар арасында жиі тіркелетін аурулар тыныс алу жүйесі, қан айналым жүйесі, несеп-зәр шығару жүйесі, асқорыту жүйесі аурулары болып отыр.«Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеру, жүргізу ережесін бекіту туралы» ҚР ДСМ 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 995 бұйрығына сәйкес 0-17 жас аралығындағы балаларды алдын ала тексеруге 29343 бала жоспарланып, 2019 жылдың 3 айында 12077-41,2% бала қамтылды.
Ересектер арасындағы скринингтік тексеруден қанайналым жүйесі бойынша 5392 тұрғын жоспарланып, 1667-30,9% қамтылды. Анықталған ауру 84-5,0%. Қант диабеті бойынша 5392 тұрғын жоспарланып, 1619-30,0% тұрғын қамтылды. Анықталған ауру 18-1,1%. Глаукомаға тексеруге 5941 тұрғын жоспарланып, 1728-29,0% тұрғын қамтылды. Анықталған ауру 24-1,3%.
Есепті мерзімге Жаңақорған ауданы бойынша жалпы төсек қоры 200-ді құрады. Тұрғындардың төсек-орынмен қамтамасыз етілуі 10 мың тұрғынға шаққанда 27,2 (2018 ж.-27,2). Ауруханаға түскен науқас саны 2077 (2018 ж. 2177), жатқызылған науқастың емделіп шыққаны 2046 (2018ж. 2127).
Аудан тұрғындары диагностика мен емдеудің инновациялық мобильдік технологиялары, яғни жылжымалы медициналық кешен, санитарлық авиация, телемедицина арқылы мамандандырылған медициналық көмек алуда. Телемедицина: арқылы 51 телеконсультация мен телеконференциялар өткізілді.
БМСК бойынша Жол картасының басым бағыттарының бірі саналатын КМИС (кешенді медициналық ақпараттандыру жүйесіне) сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, науқастардың электронды денсаулық паспортын әзірлеу бойынша нақты шаралар қабылданып, дәрігердің қабылдауына жазылу, еңбекке жарамсыздық парағын беру, патронаждық актив жұмыстары электронды негізде жүзеге асырылуда.
2019 жылдың 3 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі барлық емдеу және алдын алу ұйымдарында көрнекі жерлерге ілінген, сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша БАҚ-на мақалалар жарияланды. Емдеу және алдын алу ұйымдары бойынша 2019 жылдың 3 айында 15911 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «электронды үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы 2903 қызмет ұсынылды.
Алдағы уақытта да халық денсаулығын жақсарту мақсатында және Елбасымыздың «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам» стратегиясы мен 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру, сондай-ақ 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының мақсатты индикаторлары мен негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Жаңақорған ауданаралық ауруханасының
бас дәрігері Я.К.Шорабаев
Жаңақорған ауданы денсаулық сақтау саласының 2018 жылдың 12 айында атқарған жұмыстарының есебі
2018 жылы аудан бойынша 1 аудандық орталық аурухана, 6 ауылдық аурухана, 1 аудандық емхана, 1 туберкулезге қарсы диспансер, 17 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік бекет, 10 медициналық бекет аудан халқына медициналық қызмет көрсетті.
Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 167 дәрігер, 714 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасады, 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігермен қамтылу деңгейі 22,9.
Емдеу және алдын алу ұйымдары бойынша 2018 жылы 80 дәрігер, 166 орта буын медицина қызметкерлері білімдерін жетілдірді.
БМСК-ні жетілдіру жөніндегі Жол картасына сәйкес материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында өткен жылы тәулік бойында науқастың артериалды қысымын өлшейтін (СМАД) және 6 адамға арналған Холтермониторинг, Хофман аппараты, Автоматтандырылған бесконтактный тонометр, Аудиометриялық кабина, Көз ауруларын тексеретін УЗИ аппараты, компьютерлік жиынтықтар және т.б. медициналық құрал-жабдықтар алынды.
2017 жылы Еңбек, Аққұм, Көктөбе елді мекендерінде медициналық бекет ғимараттары жаңадан салынып, халық игілігіне пайдалануға берілсе, кент орталығындағы ауысымына 250 науқасты қабылдауға арналған типтік жобадағы жаңа емхана ғимараты пайдалануға берілді.
2018 жылдың 12 айында аудан бойынша 1775 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 24,1, табиғи өсім көрсеткіші – 19,6 промильді құрады. Сондай-ақ бүгінгі таңға дейінгі тіркелген өлім-жітімнің жалпы саны 336 – 4,5 (2017ж 12 ай – 370-5,0) көрсеткішті құрады, яғни 2017 жылмен салыстырғанда 0,5 көрсеткішке төмендеген. Соңғы 3 жыл көлемінде ана өлімі тіркелген жоқ.
2018 жылдың 12 айында жалпы дәрігерлік қабылдау саны – 307570 құраса, 1 тұрғынға шаққанда 4,1 (2017 ж. 12 ай – 299809-4,0), өткен жылмен салыстырғанда 0,1 көрсеткішке жоғарылады. 2018 жылы ауданда тіркелген жалпы аурушаңдық саны – 74728, яғни 100 мың тұрғынға шаққанда 1017,4 (2017 ж. 73977-1007,1). 2018 жылы тұрғындар арасында жиі тіркелген аурулар: қан айналым жүйесі, тыныс алу жүйесі, несеп-зәр шығару жүйесі, эндокриндік және асқорыту жүйесі аурулары.
«Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеру, жүргізу ережесін бекіту туралы» ҚР ДСМ 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 995 бұйрығына сәйкес алдын ала тексеру бойынша 24932 адам жоспарланып, 24932-100% адам қамтылды.
2018 жылы Жаңақорған ауданы бойынша жалпы төсек қоры 200-ді құрады. Тұрғындардың төсек-орынмен қамтамасыз етілуі 10 мың тұрғынға шаққанда 27,2 (2017ж.-27,2). Ауруханаға жатқызылған науқас саны - 8373, жатқызылған науқастың емделіп шыққаны - 8329.
Мүмкіндігі шектеулі жандар бойынша 2018 жылдың 12 айында жалпы мүгедектікпен есепке алынғандар саны 829, яғни 10 мың тұрғынға шаққанда 112,8 (2017 ж 779-106,0), оның ішінде алғаш рет мүгедектікке шыққандар – 135 (2017 ж.-139). Мүгедектікке шыққан науқастардың барлығымен жұмыстар жүргізіліп, қажеттілігіне қарай республикалық, облыстық және аудандық емдеу-сауықтыру мекемелерінде тиісті көмектер көрсетіліп, емдеу сауықтыру жұмыстары жүргізілді.
2018 жылы аудан тұрғындарына телемедицина арқылы 111 телеконсультация мен телеконференциялар ұсынылды.
КМИС (кешенді медициналық ақпараттандыру жүйесіне) сәйкес 2018 жылы науқастардың электронды денсаулық паспортын әзірлеу, дәрігердің қабылдауына жазылу, еңбекке жарамсыздық парағын беру, патронаждық актив жұмыстары электронды негізде жүзеге асырылды.
2018 жылдың 12 айында 60754 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «электронды үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы 14967 қызмет ұсынылды.
Жаңақорған ауданаралық ауруханасының
Өтініш