Жаналық

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне байланысты семинар сабағы өтті

2017-03-10 199 рет қаралды

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне байланысты семинар сабағы өтті.

Семинарға аудандық сот төрағасы мен судьялары, кеңсе қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталғанын айтып өтіп, әдеп кодексіндегі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары туралы, оның ішінде қызметтен тыс уақыттағы, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық, сондай-ақ, көпшілік алдында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары туралы толығырақ атап өтті.

Семинарға  қатысушылар арасында туындаған сұрақтар талқыланып, өзара пікір алмасты.