Жаналық

Ауданымыздың мақтанышы Жақсыгүл Бегманованың 75 жасқа толған торқалы мерейтойы тойлануда

2017-03-29 271 рет қаралды
Бүгін аудандық мәдениет үйінде өнерімен өмірі өрілген, әнші, сазгер, биші, ауданымыздың мақтанышы, құрметті азаматы Жақсыгүл Бегманованың 75 жасқа толған торқалы мерейтойы тойлануда. 
«Аққу-арман», «Аққу-сезім», «Ана махаббаты» атты жыр жинақтары жазылған кітаптың авторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Халықаралық байқаулардың лауреаты», «Ақ әжелер» ансамблінің жетекшісі Жақсыгүл апаны аудан әкімінің орынбасары Б. Айтбембет құттықтап, еңбек жолдарын саралай келе, зейнеткерлікке шыққаннан кейін де қоғамнан жырақта қалмай, ауданның қоғамның саяси өміріне үкіметтік емес ұйым төрайымы болып, белсене араласқандығына тоқталып, әрі қарай да шығармашылық жұмыстарына табыс тіледі.