Жаналық

Жаңақорған ауданы әкімдігінің мәжіліс залында қоғамдық кеңес отырысы өтті

2017-04-11 120 рет қаралды

Жаңақорған ауданы әкімдігінің  мәжіліс  залында қоғамдық кеңес отырысы өтті. Отырысты Қоғамдық кеңес төрағасы Балқожаев  Мәжит  Байқожаұлы ашты. Кеңес отырысында «2017-2019 жылдарға арналған  аудандық бюджетке  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жаңақорған ауданы әкімдігінің  қаулысының жобасын талқылау және «Мал жаятын орындарды айқындау туралы» Өзгент ауылдық  округі әкімінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы №38 шешімінің күші жойылды деп тану туралы шешім жобасын талқылау мәселелері қаралып,  өзара пікір алмасты.