Жаналық

"EXPO-2017 " халықаралық көрмесіне өз туындылары арқылы үнқосу, насихаттау мақсатында қол өнер бұйымдарының көрмесі өтті

2017-04-15 78 рет қаралды
15 сәуір күні орталық алаңда "EXPO-2017 " халықаралық көрмесіне өз туындылары арқылы үнқосу, насихаттау мақсатында барлық кент, ауылдық округтердің қатысуымен аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырмасы негізінде "Арман асуы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен аудан жастары арасында қол өнер бұйымдарының көрмесі өткізілді. Көрмеге жалпы 12 мекеме қатысып 100-ге жуық туынды көрсетілді. Нәтижесінде арнайы жасақталған комиссия шешімімен қатысушыларға жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтар табысталды.