Жаналық

Кент орталығында «Сығанақ тарихы» музейінің салтанатты түрде ашылуы өтті

2017-05-18 156 рет қаралды

Кент орталығында «Сығанақ  тарихы» музейінің салтанатты түрде ашылуы өтті.

18-мамыр Халықаралық музейлер күніне орай ауданымыздың  орталығындағы «Хисамиддин Сығанақи» мешітінің  бірінші қабатынан «Сығанақ тарихы» музейі ашылды. Салтанатты шараға  заң ғылымдарының докторы, профессор Сұлтан Сартаев, Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің найб-имамы Қуат Ерғалиұлы қатысып, құттықтау  тілектерін білдірді.