Жаналық

Қасиетті Рамазан айына орай "Қош келдің, Рамазан" тақырыбында рухани кеш өткізілді

2017-05-20 69 рет қаралды

"Қум Сахаба" мешіті жамағатының ұйымдастыруымен Қасиетті Рамазан айына орай "Қош келдің, Рамазан" тақырыбында рухани кеш өткізілді. Рухани-мәдени кеш аясында имандылық турасындағы әуендер, термелер, монологтар айтылып, діни тақырыптағы сахналық қойылымдар көрсетілді. Өткізілген шараға қолдау білдіргендер - аудандық ішкі саясат бөлімі мен М. Көкенов атындағы Жаңақорған аудандық мәдениет үйі.