Жаналық

Төменарық ауылдық округінде жаңадан бой көтерген «әл-Хақ» мешітінің ашылуы өтті

2017-05-26 107 рет қаралды
  Қасиетті жұма күні, айлардың сұлтаны Рамазан айы қарсаңында Төменарық ауылдық округінде жаңадан бой көтерген «әл-Хақ» мешітінің ашылуы өтті. Мешіттің ашылу салтанатына жан- жақтан келген ел ағалары ізгі тілектерін білдірді. Өз кезегінде облыс орталығынан келген имам Нұржан Әбжанов пен ауданның бас имамы Сайдулла Омаров мешіт салудың сауабы хақында насихат жасап" Сарыағаш "медресесінің директоры Әбдіғаппар Сманов  жиынға жиналған қауымға уағыз айтты. Ағайынды Ашировтардың демеушілігімен бой көтерген мешіт алдағы уақытта өскелең ұрпақты ізгілікке тәрбиелеудегі орны айрықша болмақ.