Жаналық

Қуғын - сүргін құрбандарын еске алу жиыны өтті

2017-05-31 94 рет қаралды

Бүгін аудан орталығындағы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған монументі алдында еске алу жиыны өтті. Өз кезегінде аудандық мәдениет үйі жанындағы «Дала жұлдыздары» халықтық үгіт бригадасы елдің қабырғасын қайыстырған қайғыға толы сол жылдар мен аштықтың азабынан жапа шеккен бабаларымыз жайлы деректі естеліктер өрбітті. Мұнан кейін ауданның бас имамы Сайдулла  Омаров саяси қуғын-сүргін құрбандар рухына Құран бағыштады.

Аудан әкімі Ғалым Әміреев жазықсыз жапа шеккен бабаларымыздың алтын бейнесі ғасырдан ғасырға есте сақталатынын айта кетті.