Жаналық

Astana EXPO - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмені тамашалауға Жаңақорған ауданы азаматтарының алғашқы легі жолға шықты.

2017-06-11 83 рет қаралды
Astana EXPO - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмені тамашалауға Жаңақорған ауданы азаматтарының алғашқы легі жолға шықты. Осыған байланысты  аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен салтанатты шара өтті. Шарада айтыскер, ақын Әбілхайыр Сыздықов "EXPO - 2017 халықаралық көрмесіне арнау оқып, аудан әкімнің орынбасары Ғалымжан Сопбеков, Жаңақорған кенті ардагерлерінің төрағасы М. Махмутов ақжол тілектері мен ізгі лебіздерін білдірді.  Халықаралық көрмені тамашалауға шыққан барлық жерлестерімізге сәт сапар тілейміз.