Жаналық

"Ел жүрегі-Астана" атты мерекелік шара өтті

2017-07-05 51 рет қаралды
Орталық алаңда Астана күніне орай "Ел жүрегі-Астана" атты мерекелік  шара өтті. Жаңақорған  жұртын Астана күні мерекесімен аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Ерманұлы құттықтады. Шарада әр салада еңбек етіп жүрген үздіктер аудан әкімінің алғыс xатымен марапатталды. Салтанатты шараның соңы аудан әкімінің мерекелік отшашуына ұласты.