Жаналық

Облыстық ақпараттық топ мүшелерімен семинар өтті

2017-07-20 77 рет қаралды
Облыстық ақпараттық топ мүшелерімен  семинар өтті .Облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы дін мәселелерін зерттеу орталығы басшысының орынбасары М. Мұсаев, "Сыр медиа" ЖШС-і директорының орынбасары М. Аралбаев, дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Б. Оспанов ауданымызға келіп, кент және ауылдық округ әкімдеріне арналған  оқыту семинарын өткізді. Семинар барысында облыстық ақпараттық топ мүшелері дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың тетіктері мен еліміздегі жалпы діни ахуалға тоқталып өтті. Жиын соңында қатысушыларға жұмыс барысында пайдаланатын облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығы әзірлеген ақпараттық материалдар таратылды.