Жаналық

Бүгін аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов барлық кент, ауылдық округ жастар жетекшілерімен кездесті

2017-08-04 105 рет қаралды
Бүгін  «Ордакент» ардагерлер, жастар ресурстық орталығында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов  барлық кент, ауылдық округ жастар жетекшілерімен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын бағдарламаларын және облыс әкімі 
Қ. Көшербаевтың мемлекеттік жастар саясатының облыстық іс-қимыл жоспарын, аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысының хаттамалық тапсырмаларының мерзімінде орындалуын, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ апта сайын маңызды шараларды бірлесіп атқару қажеттігі жөнінде тапсырмалар берді.