Жаналық

1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күніне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара аталып өтті

2017-12-01 36 рет қаралды

Кешті аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы Əміреев ашып, ауданның бірқатар азаматтарын марапаттады. Аудан өнерпаздары мен "Туған жерге тағзым" акция аясында жерлесіміз, әнші-композитор Дүйсенхан Сыздықов ән-шашуларын жолдады. Сонымен қатар, шара барысында Жаңақорған ауданы əкімдігінің қаржыландыруымен арнайы түсірілген жерлесіміз Қазақстан Киноматографистер одағының мүшесі Қалила Омаровтың «Жаңақорған жауһарлары: Руханияттың мәңгілік сәулесі»-атты деректі фильмінің тұсауын кесіп, көрермендер назарына ұсынды.