Жаналық

СЕМИНАРҒА АРҚАУ БОЛҒАН ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ

2018-03-28 40 рет қаралды
Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Діни экстремизм көріністерінің алдын алудағы ақпараттық-түсіндірме шараларын жетілдіру жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. 
Аудандағы құқық қорғау органдарының өкілдері, аудандық терроризмге қарсы комиссия мүшелері, ақпараттық түсіндіру топ мүшелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысқан семинарда республикалық деңгейдегі лекторлар қатысып, діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.