Жаналық

«ЖОЛДАУ ЖОЛЫМЕН БІЛІМ БИІГІНЕ»

2018-03-27 39 рет қаралды
Қызылорда қаласының білім бөлімі мен қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен білім қызметкерлерінің арасында «Жолдау жолымен білім биігіне» тақырыбында үгіт-насихат бригадалар байқауының ақтық сыны өтті. 
Мақсаты: Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қала ұстаздарының арасында кеңінен насихаттау.
Аймақтық іріктеу кезеңі 2018 жылғы 14-16 науры
з аралығында өткен болатын. 
Байқауға 51 мектептің ішінен ақтық сынға 8 мектеп өтіп, өз өнерлерін ортаға салды. Жолдауда көрсетілген 10 басым бағытына баса назар аударып, рухани жаңғырудың бағыттарын жан-жақты талқылап, мазмұны мен формасы жағынан мағыналы, қызықты әрі тартымды етіп насихаттады. 
Байқауда барлық мектептердің үгіт-насихат бригадалары белсенділік танытып, өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.
Ағымдағы жылғы 26 наурыз күні оқушылар сарайында ақтық сынға түскен 8 мектеп өнерлерін ортаға салды. 
Ақтық сында Әбдіхалықова Әлима Жақыпқызы – аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының тәрбие және білім бөлімінің басшысы, Жаппасбаев Әлібек – Қорқыт Ата Университетінің философия және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, Жолдасова Абат – Облыстық «Таным», «Абайтану» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, педагогика ғылымының кандидаты және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік Университетінің педагогика-психология кафедрасының меңгерушісі, профессор, педагогика ғылымының кандидаты - Шембаева Рабиға Тасбергенқызы командаларға әділ бағасын берді .
Байқау соңында қатысушы үгіт-насихат бригадалар қалалық білім бөлімі мен қалалық кәсіподақ комитетінің «Дипломдары» мен сыйлықтарына ие болды.
«Ең үздік үгіт бригада» жеңімпазы қалалық білім бөлімінің қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығының «Жаңа ғасыр» командасы атанды. "Үздік насихаттаушы» номинациясымен №235 орта мектептің «Ұлы дала жастары», «Үздік PR топ» номинациясымен №278 орта мектептің «Жастар» командасы, «Ең үздік әуенді ұжым» номинациясымен №189 орта мектептің «Жаңашыл ұстаз», «Үздік сценарий» номинациясымен №101 мектеп-лицейдің «Жібек жолы» командасы, «Шығармашыл топ» номинациясымен №3 мектеп-лицейдің «Он міндет белесіндегі жастар» командасы марапатталды.
Сондай-ақ, №222 орта мектептің «Атамекен» командасы, №197 орта мектептің «Жаңғыру» командасы, №145 орта мектептің «Руханият» командасы, №7 мектеп-лицейдің «Аманат» командасы, №9 мектеп-гимназияның «Жас Алаш» командасы, №23 мектеп-лицейдің «Рух елі» командасы, №1 мектеп-гимназияның «Рухты жастар» командасы, №6 орта мектептің «Алтын ғасыр қырандары», №11 мектеп-лицейдің «Ақиқат қырандары», №15 мектеп-лицейдің «15 Life» командасы марапатталды.
«Ең үздік үгіт бригада» жеңімпазы атанған «Жаңа ғасыр» командасына демалыс бөлмелеріне жиһаз табыс етілді.