Жаналық

ГАЗДАНДЫРУ: ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТІН 74 ПАЙЫЗ ҚАМТЫДЫ

2018-03-26 49 рет қаралды

Бүгінде Елбасының пәрменді тапсырмасы мен аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың саяси шешімімен облыста алғашқы ауданның бірі болып, Жаңақорған кенті көгілдір отынның игілігін көруде. Қазіргі таңда Жаңақорған кентінде пеш жағып, көмір іздейтіндердің қатары күн санап азаюда. Бұл бір жағынан, таудағы паялыш, құмдағы сексеуіл, дария жағасындағы тоғай ит тұмсығы кірмейтіндей ну болып, табиғи реттілік реттеліп, экологиялық ахуал жақсара түседі деген сөз. Осындай халықшыл жобаның іске қосылуы – Қазақстанның қуаттылығы мен болашақтағы перспективасын көрсететіндей.
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде Жаңақорған кентінде 3996 тұрғын үй көгілдір отын кіргізген. Яғни, бұл кент тұрғындарының 74 пайызы деген сөз. Оған қоса, 5 білім ордасы мен сауда дүкендерінен бөлек, 94 коммуналдық тұрмыстық нысандар газ игілігін көруде.