Жаналық

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» тақырыбында кездесу өтті.

2018-03-30 57 рет қаралды

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» тақырыбында кездесу өтті.  Шараға аудан тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала мамандары, ҮЕҰ және жастар өкілдері, кент, ауылдық округ заңгерлері және БАҚ қатысты.  Сондай-ақ кездесуге «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының заңгер маманы Алтынбасова Жанар Жағыппарқызы, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры, заң ғылымдарының магистрі Тұсмағамбетов Жандос Бектайұлы және Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің қауіпсіздік басқармасының аға уәкілі Сарбайсалов Қайырбай Боранбайұлы қатысып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бойынша хабарламаларын жасап, аудан тұрғындарының сауалдарына жауап берді.