Жаналық

Аудандық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарамалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі мен аудандық сот жүйесінің бірлескен іс-шара жоспарына орай, «Рухани байлық – игілік көзі» тақырыбында зиялы қауым өкілдері жә

2018-04-04 104 рет қаралды
Аудандық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарамалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі мен аудандық сот жүйесінің бірлескен іс-шара жоспарына орай, «Рухани байлық – игілік көзі» тақырыбында зиялы қауым өкілдері және мәдениет майталмандарымен кездесу өтті. Шараға Жаңақорған аудан әкімінің орынбасары С.Ыдырысов, Жаңақорған аудандық соттың төрағасы Н.Қосанов, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ғ.Тұрсекеев, Құқық қорғау қызметкері орталығының кеңесшісі, кәсіби медиатор А.Жәнібеков, «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы И.Нәрзілдаев, Халықаралық Жазушылар Одағының, Қазақстан Одағының мүшесі Ф.Сахиев қатысты. Сондай-ақ, "Жаңақорған тынысы" газетінің бас редакторының орынбасары Б.Үсейінова, аудандық партия филиалының кеңесшісі Н.Ұсенұлы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғ.Шенгелбаев, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жеткеші маманы С.Алдабекова пікір алмасты