Жаналық

ТАБЫСТЫҢ КІЛТІ ЕРТЕ КӨКТЕМГІ КӨКӨНІС ӨНІМІНДЕ

2018-04-03 99 рет қаралды

Жаңақорған ауданы əкімдігінің ұйымдастыруымен ерте көктемгі дала жұмыстары, көкөніс шаруашылығын дамыту мақсатында ауыл шаруашылығының ғылымының кандидаты, Ы.Жақаев атындағы «Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты» ЖШС-нің көкөніс, картоп және бақша дақылдары өнімі бөлім меңгерушісі Қанағат Біләлұлы Бегалиев және Қызылорда облысы бойынша ЮКАЗ тобының өкілі Абуасан Мәлікұлы Төлеуов Жаңақорған кенті көше комитеттері, ауыл диқандарымен кездесті. Кездесу барысында Қанағат Біләлұлы аудан жұртшылығына институт зерттеуінен өткен сапалы қауын тұқымын қолжетімді бағада жеткізуді жəне оны егу кезеңінен өнім алғанға дейінгі уақытта яғни маусым бойы аудан тұрғындарына қолдау көрсетуге, сонымен қатар өз кезегінде қауынды тиімді бағамен сатуды қамтамасыз етуге дайын екендігін жеткізді. Осы кезекте аудан басшысы Ғалым Махмұтбайұлы Əміреев биылғы жылы көкөніс шаруашылығымен айналысамын деуші аудан тұрғындарын нағыз тәжірибелі маман, табысты кәсіпкер болуына жан - жақты қолдау көрсететінін айтып өтті. Сөздің түйіні ретінде нағыз табыстың кілті ерте көктемгі көкөніс өнімінде.