Жаналық

КОНКУРС БАСТАЛДЫ «ҚАЗАҚСТАНДА ІСКЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТҚАН ЕҢ ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР» КОНКУРСЫ БАСТАЛДЫ.

2018-04-09 52 рет қаралды


Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  2018  жылдың  14  наурызында  бекітілген  «Қазақстанда  іске  асырылып жатқан ең үздік әлеуметтік жобалар» облыстық конкурсы өтетіндігін хабарлайды.

Бұл конкурс республикада бес жыл бойы өткізілуде.Әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарт адамдарға, өмірде қиын жағдайға тап болған тұлғаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, басқа да халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына нақты көмек көрсету болып табылады.

Барлық өңірлерде үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі комиссиялар құрылған, олардың құрамына үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдері,әкімдердің әлеуметтік мәселелерімен айналысатын бөлімдері, «Нұр Отан» партиясы бөлімшелерінің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және басқа да мүдделі адамдар кірді.

Конкурсқа қызметтері әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер,мүгедектердің ұйымдары,жеке тұлғалар,басқа мекемелер мен ведомстволар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдердің қабылдануын «Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» КММ-де 1 тамызға дейін жүзеге асырады.Сондай-ақ облыстық комиссияға ұсынады.

Облыстық комиссиялардың талқылануының қорытындысы бойынша ең үздік әлеуметтік жобалар республикалық комиссияның қарауына ұсынылады,олар конкурстың лауреаты атағын беру туралы шешім қабылдайды.

Қосымша   ақпараттарды   алу   және   ұсыну   үшін   Б. Майлин       №5  мекен жайында орналасқан «аудандық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» КММ каб №8,тел.8(724 35) 23-2-70 арқылы хабарласуыңызға болады.