Жаналық

Кәсіпкерлерге кедергісіз қызмет көрсету- республикалық арнайы мониторингтік топтың басты назарында

2018-04-23 134 рет қаралды



Республикалық арнайы мониторингтік топтыңағымдағы жылғы 20 сәуірдегі Қызылорда облысындағы жұмыс сапары барысындағы ат басын бұрған кезекті нысаны кәсіпкерлік палатасы ғимаратында орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы болды. Аталған орталық 2017 жылдың басында облыс әкімінің қолдауымен ашылған болатын.

Орталық директоры Қамар Бекетова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен құрылған республикалық арнайы мониторингтік топтың мүшелерін орталықтың жұмысымен, көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстырып өтті.Қазіргі таңда,орталық40-тан аса қызмет түрін ақысыз негізде көрсетуде. Барлық қызмет түрлері Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің стандарттарына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес көрсетілуде.Орталық негізінен кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидатымен рұқсат құжаттарын алуға көмеккөрсетіп, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп инвесторлар тарту, облыста кәсіпкерлер санын арттыруға және олардың жобаларына қолдау жасап, сүйемелдеуді, өңірлік және мемлекеттік бағдарламалары жөнінде кеңес беруді жүзеге асыруда.«Бір терезе қағидаты» бойынша «Көші-қон» қызметінің, «Азаматтарға арналған үкімет» (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ қызметтері де аталған орталықтың қызметін толықтыруда. Мысалы, 2017 жылыосы орталықтың «Көші-қон» қызметі арқылы жыл сайын, дәстүрлі түрде өткізілетін Байқоңыр инвестициялық форумына келген шетелдік делегаттардың визалық құжаттары бір жерде рәсімделіп, бизнесмендер мен форум қонақтарына қолайлы жағдай жасалған, яғни, инвесторларға визалық рәсімдеу жұмыстарына көмек көрсетілген.

Сонымен бірге, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында кәсіп иелерінің түрлі инстанциялардағы есіктерді қағып, табалдырығын тоздырмау, сол арқылыбизнесті дамытуда әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында газға, электрға, жылуға, су және кәріз жүйелері секілді инженерлік коммуникацияларға қосылу үшін техникалық шарттар алу бойыншақызмет жасалуда.Сондай-ақ, сәулет және құрылыс саласы бойынша 11 қызмет, жер мәселелері бойынша 9 қызмет, мемлекеттік кірістер бойынша 7 қызмет көрсетіледі.

Инженерлік коммуникацияларға қосылуға техникалық шарттардың рұқсат құжаттарын алудың электронды механизмін енгізу үшін «Геоақпараттық жүйе» бағдарламасы әзірленген. Бүгінгі күні орталықта техникалық шарттарды алу үшін http://geoservice.geoportal.kz браузері арқылы электронды түрде өтініштер қабылдануда.

Сонымен қатар, жобалар екінші деңгейлі банктерге дейін және кейін болып сүйемелденеді.Орталық Қызылорда облысында қызмет атқаратын екінші деңгейлі банктермен байланыс орнатқан. Кәсіпкерлер жылжымайтын кепіл мүліктерінің құжаттарын заңдастыру үшін орталық қызметіне жүгініп, несие қаражаттарын қысқа мерзімде алады.Айта кету керек, қазіргі таңда Орталықта ақысыз негізде кәсіпкерлерге эскиздік жоба жасап беруге толық мүмкіндік бар.Осы күнге дейін Орталықпен 3607 қызмет көрсетілді, оның ішінде кеңес – 2177, көмек – 1430.

Республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелері орталық қызметін жақсы бағалап, кәсіпкерлікті дамыту бағытында осындай орталықтардың әкімшілік кедергілерді жойып, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алуда орны ерекше екендігін атап өтті.