Жаналық

Республикалық арнайы мониторингтік топ құқық қорғау қызметтері орталығының жұмыс барысымен танысты

2018-04-23 201 рет қаралды


 

Республикалық арнайы мониторингтік топҚызылорда облыстық прокуратурасының құқық қорғау қызметтері орталығы арқылы көрсетіліп жатқан қызметтермен танысты.

Құқық қорғау қызметтері орталығы 2017 жылғы 24 тамызда ашылып, өткен жылы 832 тұлға қабылдаған, олардың 756-на заң талаптары түсіндіріліп, 76 тұлғаның жазбаша өтініштері қабылданған.Ал, биылғы жыл басынан бері орталықта 1150 тұлға қабылданып, 1056-на заң талаптары түсіндіріліп, 56 тұлғаның жазбаша арызы қабылданған.

Облыстық прокуратураның басқарма прокуроры МағрипаАлиева құқық қорғау қызметтері орталығының қызметі жайлы республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелерін таныстырып, топ мүшелеріне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Qamqor» электронды жүйесі жайлы айтып өтті.

Топ мүшелері құқық қорғау қызметтері орталығы арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша беріліп жатқан кеңестердің және көмектердің барысына оң бағаларын берді.