Жаналық

Жергілікті атқарушы органдардың қызметін трансформациялау

2018-04-23 186 рет қаралды


2018 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің жанындағы республикалық арнайы мониторингтік топпен қалалық жер қатынастары, қалалық сәулет және қала құрылысыбөлімдерінің қызметіне инспекциялау жүргізілді.

Инспекциялау кезінде мемлекеттік органдардың басшылары арнайы мониторингілеу тобының мүшелеріне мемлекеттік қызметтер саласындағы трансформациялау, қызмет алушыларға қызмет көрсету және күту орындары жұмыстарын жүргізгені жөнінде таныстырды.

Республикалық топ өз кезегінде мекеме басшыларына көрсетілетін қызметтер бойынша өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдіріп, атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.