Жаналық

Республикалық арнайы мониторингтік топпен Сыр елінде өткізілген брифинг

2018-04-23 147 рет қаралды



Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен құрылған қоғамдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелділіктеріне және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу барысына талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған республикалық арнайы мониторингтік топтың Сыр еліндегі жұмыс сапарының барысы туралы брифинг өткізілді.

Брифингте республикалық арнайы мониторингтік топ - топтың мақсатына, жұмыс сапары барысында аралаған мекемелер мен орталықтардағы жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына тоқталып, әкімшілік кедергілерсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру керектігі туралы ақпарат берді.