Жаналық

Облыстық арнайы мониторингтік топтың мақсаты не?!

2018-04-23 128 рет қаралды



2018 жылғы 20 сәуір күні Қызылорда облысы әкімдігінің мәжіліс залында республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелері облыстық арнайы мониторингтік топ мүшелерімен кездесті.

Шараның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, әрі оны болдырмау.

Отырыстың модераторы «Ұмай» емдеу-тәрбиелеу балалар қайырымдылық үйінің директоры, облыстық мониторингтік топ басшысы Анар Ізден арнайы келген республикалық топ мүшелерін қоғам қайраткері, топ жетекшісі Соловьева Айгүл Сағадибекқызын, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жасыл экономика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар комитетінің мүшесі Абенов Мұрат Абдуламитұлын, «Экспо&Women» халықаралық ұйымының директоры Рахымбекова Салтанат Темірқұлқызын, қолөнер шебері, этнодизайнер Тұрсынзада Ырзаны, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы халықаралық ұйымының қызметкері Қанатбаев Архат Болатұлын жәнеҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Бердалин Арманды, Агенттіктің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры Байсалов Мұратты, Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті директорының міндетін атқарушы Смағұлов Дидарды таныстырды.

Республикалық топ мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы басым бағыттардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күресудегі алдын алу шараларын жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалуын қадағалау және баға беру мақсатында белгілі қоғам өкілдерінен республикалық арнайы мониторингтік топтың алға қойғанмақсаттары мен бағыттары жөнінде айтып өтті.

Шара барысында арнайы топ мүшелері кезек-кезек сөз алып, өңірлерді аралаудағы басты мақсатын және жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруды талдау және оны жүзеге асырылуын, өздерінің жұмыс жоспарларын таныстырды, сондай-ақ облыстық арнайы мониторингтік топтың жұмыс жоспары, олардың негізгі міндеттері мен жұмыс барысында басты назарда болуы тиісті бағыттары туралы түсіндірмелер берілді.