Жаналық

Республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелері Қызылорда облысы әкімдігінің ахуалдық орталығында болды

2018-04-23 77 рет қаралды


Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшелері Қызылорда облысындағы жұмыс сапары аясында облыс әкімдігінің ахуалдық орталығында болып, орталықтың жұмысымен танысты.

Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Индира Ақжігітова Ахуалдық орталықтың тағайындалуы жөнінде, аталған жобаның негізгі мақсаты жайында таныстырып өтті.

Ахуалдық орталық 2014 жылдың маусым айынан бастап жұмыс жасай бастаған. Орталық макроэкономикалық көрсеткіштерді болжамдау, әлеуметтік-экономикалық даму барысын мониторингтеу, талдау және болжау, қауіпсіздікті бағалау және экономика, қаржы, демография, өнеркәсіп, ақпарат және басқа да салалардағы тәуекелдерді басқару, қоғамдық-саяси ахуалды талдау жұмыстарымен айналысады.

Сондай-ақ бұл орталық шешімдерді орындаушыға жеткізіп, оның орындалу барысын да қадағалайды. Ахуалдық орталықта арнайы әзірленген бағдарлама бойынша оқыған техникалық мамандар мен сарапшылардан құралған 21 адам жұмыс жасайды.