Жаналық

Республикалық арнайы мониторингтік тобы облыстың мемлекеттік қызметшілерімен және Әдеп жөніндегі уәкілдерімен кездесті

2018-04-23 115 рет қаралды


Бүгін Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшелері облыстың мемлекеттік қызметшілері мен Әдеп жөніндегі уәкілдерімен кездесті.

Кездесу басында облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемов алғы сөз сөйлеп, арнайы мониторингтік топ мүшелері мен мемлекеттік қызметшілер және әдеп жөніндегі уәкілдердің кездесуінің маңыздылығын атап өтті.

Жиынға республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелерінен бөлек Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры А.Бердалин, Мемлекеттік қызметтер департаментінің басқарма басшысы М.Байсалов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті директорының орынбасары Д.Смагулов қатысты.

Кездесу барысында республикалық мониторингтік топ жетекшісі
А.Соловьева, Агенттіктің Қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры А.Бердалин, Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Б.Ідірісов және жас мемлекеттік қызметкер Қ.Тұрмағанбет хабарлама жасады.

Жиынға келген мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтегі өзгерістер, әдеп нормаларының сақталуына қатысты арнайы мониторингтік топ мүшелеріне сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.