Жаналық

1-маусым – «Халықаралық балаларды қорғау күні» Байкенже ауылындағы «Ерке-наз» бөбекжай балабақшасына «Қызылқұм» ЖШС тамаша базарлық жасады.

2018-06-03 26 рет қаралды
 Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған «Туған жерге тағзым» жобасы аясында Байкенжеде қайырымдылық шарасы өтті. 
 1-маусым – «Халықаралық балаларды қорғау күні» Байкенже ауылындағы «Ерке-наз» бөбекжай балабақшасына «Қызылқұм» ЖШС тамаша базарлық жасады. 
Салтанатты шарада сөз алған балабақша меңгерушісі Сандуғаш Егізбаева;
– Бала – отбасының қуанышы, қоғамның байлығы, елдің мақтанышы, ұлттың ұланы. Әрбір бала аялы алақанға кенеліп, бақытты өмір сүру керек. Бұл жолда біздер ата-аналар, ұстаздар, тәрбиешілер адал еңбек етіп, ұлт мұраты жолында бар күш-жігерді сарқа жұмсауға тиіспіз. Ерекше атап өтер жаңалық, ауыл әкімі Нұрғали Оспановтың рұқсат қағазымен іргелес жатқан «Қызылқұм» ЖШС компаниясынан бөбекжайдың ішкі, сыртқы ауласына қажетті жабдықтар сұратқан едік. Сол ұсынысты қабыл алып, балалар мерекесіне орай айрықша тарту жасаған зауыттың бас директоры Әл-Фараби Кенжебековке риясыз разылық айтамыз – деді.
«Қызылқұм» ЖШС компаниясы тарту еткен батут, әткеншек, сырғанақ, әуе шары, қол добы, теннис үстелі сынды аула ойыншықтары айналаға ерекше сән беріп, балаларды тербете түсуде. Балабақшаның жаңа жалықтырмас ойыншыққа толғанын көрген ойын балалары арасында әткеншекке мініп, сырғанақ теуіп, мәз-мейрам болысуда.