Жаналық

Орталық алаңында 1-маусым "Балаларды қорғау" күніне арналған Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігінің республикалық қосымша білім беру оқу-əдістемелік орталығының тапсырмасымен жəне аудандық білім бөлімінің қолдауымен музыкалық шеруі өтті

2018-06-02 24 рет қаралды

Республика көлемінде ұйымдастырылатын бұл музыкалық шеру соңында жыл бойындағы аудан бойынша балалардың түрлі конкурстардағы марапаттары дүйім жұрттың алдында қайта табысталды. Осындай марапаттың ішінде ХІІ Халықаралық "Ақ көгершін" балалар шығармашылығы фестиваль-байқауының ІІ дəрежелі дипломанты "Құндызай" би тобы мен ІІІ дəрежелі дипломанты Ілияс Ерғараев хабарланып, мектеп мерейін көтеріп тастады. Сондай-ақ, аудан əкімінің орынбасары Бақытжан Айтбембеттің қолынан Тəуелсіз еліміздің жас жеткіншектерін өнерге баулып, тəрбиелеу жолында сіңірген еңбегі жəне білім саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін мектеп мұғалімдері Алма Махсутова мен Ерсұлтан Мұстафаев Құрмет грамотасымен марапатталды.