Жаналық

Жуырда Манап Көкенов атындағы мәдениет ошағында өткен «Жүрек жылуы» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың өнер фестивалінде өнерпаздар бар өнерін ортаға салып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Талантты балалардың шығармашылығын шыңдау бағытындағы салтан

2018-06-25 42 рет қаралды
Жуырда Манап Көкенов атындағы мәдениет ошағында өткен «Жүрек жылуы» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың өнер фестивалінде өнерпаздар бар өнерін ортаға салып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Талантты балалардың шығармашылығын шыңдау бағытындағы салтанатты шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Берденұлы ашты.
– Қоғамда әр адамның ойып алар өзіндік орны бар. Өмірдің қатал сынағына ұшыраған жандар қоғамнан ешқашан шеттелген емес. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандар да қоғамдық өмірге белсене араласып, шығармашылық және интеллектуалдық әлеуеттерін арттырып, қоғамның толыққанды мүшесі болуға үлес қосуда. Бұл – көңіл қуантарлық жағдай. Бүгінгідей кештер бұдан әрі қарай жалғасын таба береді деген сенімдемін, – деді бөлім басшысы.
Сондай-ақ, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Аягөз Айдосова, «Дара» продюсерлік орталығының басшысы Серік Бақытұлы мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Нариман Жакудаев құттықтау сөз айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйытқы болумен бастау алған фестивальға аудан бойынша 19 бала қатысып, өнерге деген құштарлықтарын әуелеген әнмен, көркем сөз оқу арқылы жеткізді.
Тағылымы мол шара соңында қатысушылардың барлығына «Алғыс хат» пен бағалы сыйлықтар табысталды.