Жаналық

1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов арнайы «Алтынсарин» мөлтек ауданындағы жаңадан бой көтерген №56 білім ордасының ашылуына қатысып, тұрғындар қуанышымен бөлісті.

2018-09-01 42 рет қаралды

1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов арнайы «Алтынсарин» мөлтек ауданындағы жаңадан бой көтерген №56 білім ордасының ашылуына қатысып, тұрғындар қуанышымен бөлісті.
Аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Изатілла Нәрзілдаев мектеп ұжымы мен кент тұрғындарын құттықтап, арнауын әдемі сөздерімен өрнектеді. Жылы лебізден кейін жаңа әлеуметтік нысанның лентасы қиылды.
Одан кейін облыстан келген делегация мектептің материалдық-техникалық жағдайымен танысты. Мектеп директоры Мұхтар Абуталипов заман талабына сай салынған білім ордасы соңғы технологиялармен жабдықталғанын айтты. Тігін және ағаш өңдеу шеберханасы, спорт және мәжіліс залы, асхана мен кітапхана, мультимедиялық сынып, биология, химия, физика сыныбы бар. Шынын айту керек, мұндай мүмкіндік ескі мектепте болған емес-ті. Айта кетейік, кенттегі Алтынсарин мөлтек ауданындағы №56 орта мектеп 1980 жылы ыңғайластырылған типте салынған. Мектеп 280 орындық болатын, тозығы жетсе де білім ошағында талай түлек тәлім алып шықты. Жаңа мектептің құрылысын «SCS Инжинирниг» ЖШС жүргізген болатын. Білім ошағы жылуы газбен қамтамасыз етілген. Бір сөзбен айтқанда, заманауи үлгіде салынған ғимаратта барлық жағдай жасалынған.
Қорыта айтқанда, биылғы жылдың өзінде Жаңақорғанда үш мектеп пайдалануға берілді. Бұл ауданның әлеуметтік жағдайының артып, халық санының өсіп келетінін көрсетеді.