Жаналық

Ата заңым – азат елдің ар-намысы

2018-08-30 37 рет қаралды

Қазақстан Республикасы Конституция­сының негізгі қаланған 30-тамыз ерекше қуанышты күн ретінде халық жүрегінен ойып орын алған. Бұл күнге айрықша реңк сыйлаған аудандық мәдениет бөлімі өнерпаздары бұл жолы жалынды құттықтауға көмкерілген көрікті шараны кең даланы жаңғырта асқақтаған әуезді әнмен көмкеріп, Мәдениет сарайы алаңқайында ұйымдастырылған флешмобпен бастады. Өнер отауының фойесіне қоныс тепкен аудандық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері жасақтаған көненің көзі – археологиялық мұралар бұрышы мен аудандық кітапхананың атаулы күнге орайластырған шежіре көрмесі Ата заңның тарихынан сыр шертіп тұрғандай әсер қалдырды. Театр сахнасында жалғасын тапқан «Ата заңым – айбыным» атты әдеби композиция көркемсөз оқу шеберлерінің асқақ пафосты жыр тарауын тарту етті.
Тәуелсіздік тұғырына төрлеген қазақ елінің әлеуеті күшті Ата заңы қабылданған күнге арналған салтанатты кешті аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы ашып, аудан тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтады. .
 Атаулы күнге кәсіби қызметінде адал да, қажырлы үлгі-өнегесімен танылып, толымды табыстарымен келген түрлі сала бойынша 13 қызметкерді аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.
Келесі бөлім – концерттік бағдарлама дәстүрлі жыр шашудан басталып, патриоттық әндермен аяқталды.