Жаналық

ЛӘЗЗАТ СЫР ӨҢІРІНДЕГІ ҮЗДІК ҰСТАЗ

2018-09-06 48 рет қаралды
Биылғы Тамыз кеңесінде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетов Сыр өңірінен республикалық аттестацияға 17 ұстаз қатысқанын, оның екеуі білім деңгейін дәлелдегенін, соның бірі – №163 мектептің мұғалімі екенін айтты. Ол үздік ұстаз Ләззат Жұмабекова болатын.  Ләззат Жолдасқызының өзі білім беретін сыныптарда оқу үлгірімі мониторингі жоғары деңгейде. ҰБТ қорытындысы бойынша бірнеше шәкірттері 25 баллдық көрсеткішке жетті. Өзін де, шәкірттерін де биік белестерге жетелеген ұстаз – мектептің алтын діңгегі, – деп, ұстаздың жемісті еңбегін жоғары бағалады.
Жүйелі жұмыс пен өлшеусіз еңбектің өтеуіне 2015 жылы білім саласындағы ерекше еңбегі үшін «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін иеленді. Айта өту керек, биыл 11 сынып жетекшісі ретінде табанды еңбек етіп, 21 оқушыдан 11 грант иегерін және «Алтын белгі» иегерін шығарып, оқу ордасының абыройын асқақтатты.