Жаналық

Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Ғалым Әміреев журналистерге брифинг берді.

2018-09-08 14 рет қаралды
Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Ғалым Әміреев журналистерге брифинг берді. Онда ауданның бірінші жартыжылдығында әлеуметтік-экономикалық саласының дамуы, тиімді әрі тың бастамалар мен алдағы міндеттер жайлы білдік.
Сыр өңірінде Жаңақорған перспективалы әрі позитивті аудан санатында. Оны демографиялық көрсеткіштерінен-ақ бағамдауға болады. Мәселен, 2013 жылы 79743 адам болса, 2015 жылы 82644-ке, 2017 жылы 84056-ға жетті. 
Жалпы, соңғы жылдары ауданда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамуда. Оған жергілікті билік шағын және орта бизнесті дамытуда қолайлы климат жасауы ықпал етуде. Екінші жағынан аудан тұрғындары нарықтық қатынастарды жақсы меңгеруі салаға серпін берді. Үшіншіден, ауданның географиялық тұрғыда ыңғайлы орналасуы мен инфрақұрылымдық мәселелердің оң шешім табуының әсері бар. Оны санмен сөйлетсек, тіркелген кәсіпкерлік субъектісі 3753-і құрайды. Оның ішінде, 254 заңды тұлға, 1327 шаруа қожалығы, 2172 жеке кәсіпкер. Белсенді субъектілер саны – 3575 бірлікті, ал, жұмыспен қамтылған адамдар саны – 9235 адамды құрайды. Бұл – облыстағы ең жоғары көрсеткіш деп атап өтті аудан басшысы.