Жаналық

МИНИСТР "ЖАҢАҚОРҒАН ТЫНЫСЫН" МАРАПАТТАДЫ

2018-09-27 81 рет қаралды
МИНИСТР "ЖАҢАҚОРҒАН ТЫНЫСЫН" МАРАПАТТАДЫ Бүгін Астанадан ақжолтай ақпарат келді. Astana Media Week аясында өткен аймақтық БАҚ форумында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Жаңақорған тынысы" аудандық қоғамдық-саяси газетін марапат биігіне шығарды.. Министр алғыс хатында: "Сіздердің ұжым өзекті мәселелерді терең сараптап, мемлекеттік саясаттың бағдарын жұртшылыққа кеңінен насихаттауға айрықша қызмет етіп отыр. Отандық Бұқаралық ақпаратқұралдары саласының дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін", делінген.