Жаналық

Рухани жаңғыру» аясында Жаңақорған ауданы мен Халық ақыны Манап Көкеновтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік-спорттық жиын Қыркеңсе ауылдық округінде жалғасын тапты.

2018-09-26 30 рет қаралды
Рухани жаңғыру» аясында Жаңақорған ауданы мен Халық ақыны Манап Көкеновтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік-спорттық жиын Қыркеңсе ауылдық округінде жалғасын тапты. Шара қонақтары №213 орта мектеп ауласында орналасқан тағзым алаңына гүл шоқтарын қоюдан бастады.
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағзым жасаған аудан әкімі одан әрі мектеп фоесіне қойылған қолөнер бұйымдарының көрмесімен танысып, оқушылардың қолынан шыққан түрлі кәдесыйлар мен әйнекке қашалып салынған суреттермен танысты. Одан әрі білім ордасының акт залында шырқалған «Туған өлкем – Жаңақорған» атты әдеби жыр кешінің куәсі болып, тұрғындарды мерейлі мерекемен құттықтады.