Жаналық

ТОРҚАЛЫ 90 ЖЫЛДЫҚ: ҚАШАН? ҚАЙДА? ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

2018-09-22 71 рет қаралды
 Аудан әкімі Ғалым Әміреевтың Өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистерге берген брифингінде :2018 жылдың 19-қазанында Қазақ хандығының тұңғыш астанасы Сығанақтан мерейтойлық шараны бастаймыз. Сосын салтанатты мереке Манап ауылдық округінде жалғасын табады. Онда Манап Көкеновтің 90 жылдығы қатар аталып өтіледі. Ауылдық клуб үйінде ақынға арналған «Манап салған ізбенен» атты этно-көрмемен танысады, – деді аудан басшысы.
Әкімнің сөзінше, жаңақорғандықтарды рухтандырып, көзқарасын тың арнаға бұратын мерейтойға үлкен дайындықпен келген. Яғни, сала басшылары мен ауылдық округ әкімдері жан-жақты пысықталып, дайындалған мерейтойлық бағдарлама аясында ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Оның ішінде, көпшілік мәдени және спорттық шараларға басымдық берілген.
Әсіресе, жастардың интеллектуалдық білім деңгейін арттыратын, сахна мәдениетін қалыптастыратын шаралар көпшіліктің көңіліне ұнауы керек.
– Мерейтой аясында өтетін ауқымды шараның бірі – республикалық айтыс. Оған республикаға белгілі ақындар қатысады. Сондай-ақ, молшылық пен берекенің мейрамы «Алтын күзде» егін науқанын қорытындылап, саласының озаттарын марапат биігіне шағарамыз, – деді Ғалым Махмұтбайұлы.
Ауданның тоқсан жылдық тойы 14 қыркүйектен басталып, 14 қарашаға дейін созылып, 60-тан астам рухани-мәдени, спорттық шаралар өтеді. Сонымен қатар, бірқатар әлеуметтік нысандар ашылады.
– Жаңақорған ауданының 90 жылдығы аясында көпқабатты тұрғын-үй мен жатақхана, екі спорт кешені пайдалануға беріледі, – деген аудан әкім.