Жаналық

ЖӘРМЕҢКЕ: ЖАҢАҚОРҒАН ҚЫЗЫЛОРДАҒА 17 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ТАУАРЫН АЛЫП БАРДЫ

2018-10-02 76 рет қаралды
Өткен сенбі күні Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай, жаңақорғандық диқандар қала тұрғындарына тамаша тарту жасады. Арзан бағада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастырып, бұқараға барын ұсынды. Жасыратыны жоқ, жылдағы дәстүрге сай, күз маусымы кірісімен қала тұрғындары жаңақорғандық өнімді асыға күтеді. Бұл күні таң алакеуіммен қызылордалықтар Астана даңғылына ағылды. Сағат тілі сегізді көрсеткенде қарбалас сауда басталып та кетті. Жаңақорғаннан жеткен көкөніс, жеміс-жидек, ет, балық, бақша өнімдері, жем-шөп нарық бағасынан 15 пайызға төмен сатылды. Жалпы, жеткізілген тауар көлемі 271 тоннаны құраса, құны 17 миллион теңгенің төңірегінде.