Жаналық

"100 жаңа есім": Тұрсынбектің тұғыры

2018-10-13 54 рет қаралды
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында туындаған «100 жаңа есім» жобасына Тұрсынбек Жұпарбаев лайықты деп танылды. 20 жылдан астам шәкірт тәрбиелеп, бала бойына білім нәрін құйып, асыл қасиеттерді дарытып келе жатқан оны өз саласының үздігі деуге болады. Оқушылардың білім бәсекесіндегі біліктілігін арттырып, табысқа жету жолында табанды еңбектеніп келе жатқан Тұрсынбек ұстазды аудандық «Рухани жаңғыру» орталығы офистік кеңсесінің сарапшылар кеңесі өскелең ұрпаққа үлгі болатындай ұстаз деп танып, «100 жаңа есім» жобасына ұсынды.
Жалпы, жобаның мақсаты – Тәуелсіздік жылдарында өз саласында табысқа жеткен, елдің көркеюіне үлес қосқан, ұлттың алтын қорына енуге лайықты тұлғаларды дәріптеп, келер ұрпаққа насихаттауды көздейді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихына мән беріп, оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің жаңа мультимедиялық алаңын қалыптастыруға шақырған болатын. Міне, соның айғағы осы «100 жаңа есім» жобасы. Шыны керек, мұндай тұлғалар Жаңақорған топырағында аз емес.