Жаналық

Жаңақорған ауданының 90 жылдығына және халық ақыны Манап Көкеновтың 90 жылдығына арналған ісшара Талап ауылдық округінде жалғасын тапты.

2018-10-14 56 рет қаралды
Жаңақорған ауданының 90 жылдығына және халық ақыны Манап Көкеновтың 90 жылдығына арналған ісшара Талап ауылдық округінде жалғасын тапты.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков алдымен ауылдық округтің бір қатар жеткен жетістіктерімен және диқаншы қауымның ұйымдастырған жәрмеңкемен танысты. Одан кейін Бесарық бекеті клуб үйінде ел әлеуетін көтеруде еңбек етіп, ауылшаруашылық саласында жетістікке жетіп жүрген азаматтарды және батыр аналарды аудан әкімінің арнайы "Алғыс хатымен" марапаттады.
Кеш аясында ауыл өнерпаздары талаптықтарға және қонақтарға керемет көңіл-күй сыйлады.
Айта кетейік, мұндай мереке аудандағы барлық ауылдық округте жалғасын тауып келеді.