Жаналық

ТОРҚАЛЫ ТОҚСАН ЖЫЛДЫҚ СЫҒАНАҚТА ТОЙЛАНДЫ

2018-10-19 34 рет қаралды


Биыл Жаңақорған ауданы және халық ақыны Манап Көкеновтың 90 жылдық мерейтойы. Қос тойы қабат келіп жатқан жаңақорғандықтардың әрбір күні мерекеге ұласуда. Мерекелік думан қарт Қаратау мен сұлу Сырдан басталып, аудандағы әрбір ауылда тойланып келеді. Бүгін біз қазақтың бас шаһары болған, ортағасырлық Сығанақ қалашығында өткен рухани шараның куәсі болдық.
"Сырға толы-Сығанақ" атты этно-думан мәдени шарасы жоғары деңгейде өрбіді. Барша аудан тұрғындарын және қонақтарды аудан әкімі Ғалым Әміреев пен облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов құттықтады.
Кеш барысында көне қаладан табылған жәдігерлерден көрме қойылып, ұлттық құндылықтар ұлықтады. Яғни, асық ату ойыны мен әжелердің ұршық иіріп, көрпе тігуі және темір түйін түйген ұсталар болды.
Сондай-ақ, тетатырландырылған көрініс қойылып, өнер ұжымы биден шашу шашып, әнмен дархан даланы тербеді. Одан кейінгі той Манаптың ауылында жалғасты...