Жаналық

МАНАПТА МЕШІТ АШЫЛДЫ

2018-10-19 36 рет қаралды


Жаңақорған ауданы мен халық ақыны Манап Көкеновтың 90 жылдығына орай ақынның ауылында үлкен той. Мерейлі мереке қарсаңында манаптықтарға тамаша тарту жасалды. Ауылдағы ағайынның асыға күткен құтхана есігін айқара ашты. Алла үйінің ашылу салтанатында "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің бас имамы Болатбек Әбуов ізгі тілегін білдіріп, кітап тарту етті. Сондай-ақ, аудан әкімі Ғалым Әміреев, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов және ауданның бас имамы Сәйділла Омаров пен ардагерлер жылы лебізін білдіріп, ақ батасын берді.
Айта кетейік, мешіт құрылысына ауылдағы кәсіпкерлер мен киелі Түркістан өңірінің азаматтары ықпал етті. Яғни, асар әдісімен салынды.
Иә, өскелең ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелейтін құлшылық үйінің бой көтеруіне атсалысқан жандарға Алла разы болсын. Осындай сауапты істер көбейе берсін. Бұл тек жақсылыққа жетелейтін игі істер...