Жаналық

Кеше Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде Халық ақыны Манап Көкеновтың 90 жылдығына арналған республикалық ретро айтыс өтті.

2018-10-20 42 рет қаралды
Кеше Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде Халық ақыны Манап Көкеновтың 90 жылдығына арналған республикалық ретро айтыс өтті.
Абаш Кәкенов (Шығыс Қазақстан облысы), Айтақын Бұлғақов  (Алматы облысы), Дәулеткерей Кәпілұлы (Астана қаласы), Бекарыс Шойбеков (Түркістан облысы), Алтынкүл Қасымбекова (Жамбыл облысы), Серік Ыдырысов (Қызылорда облысы), Кенжебай Жүсіпов (Қызылорда облысы), Әбілхайыр Сыздықов –(Қызылорда облысы) сынды айтыс ақтаңгерлері жаңақорғандықтарға 90 жылдыққа керемет тарту жасады.
Айтысты асыға күтетін аудан халқы үшін бұл рухани шара есте қаларлықтай әсер сыйлады. Тарихты тарқатып, ауданның өрлеу-өркендеуіне үлес қосқан, бүгінде ел иглігі жолында қалтықсыз қызмет етіп жүрген азаматтарды ардақтаған төл өнердің тарландары маржан сөздерден көрермендерді бір серпілтті.