Жаналық

«Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ашық есік» күні өтеді.

2018-10-26 67 рет қаралды

ХАБАРЛАНДЫРУ

Жаңақорған аудан әкімінің орынбасарының «Жаңақорған ауданы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы түсіндіру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізуге бағытталған іс-шаралар жоспарына» сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсету және нормативтік құқықтық актілерге түсіндірме беру үшін «Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ашық есік» күні өтеді.

Бөлімнің мамандары Сіздерді 2018 жылдың 30 қазан күні М.Көкенов көшесі №44 ғимаратының 3 этажында «Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00) күтеді.

Туындаған сұрақтар бойынша төмендегі телефонға хабарласуға болады:  телефон (87242) 22-0-74, 21-1-70.