Жаналық

«Қыс-2018» оқу-жаттығуы өткізілді

2018-11-01 15 рет қаралды


  Бүгін Аудан әкімінің орынбасары, аудандық төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары А.Салыбековтың төрағалығымен «Қыс-2018» оқу-жаттығуы өткізілді. 
 Оқу-жаттығу барысында төтенше жағдайлар орын алған жағдайда, төтеннен келген апаттарға шұғыл әрекет ететін құзырлы органдардың жұмылдыру дайындығы пысықталды. Арнайы іс-шараға барлығы 248 адам мен 67 техника қамтылды.